Данияда гандболдан қыздар арасындағы әлем чемпионатын "ҚазСпорт" көрсетеді

Фотография - Данияда гандболдан қыздар арасындағы әлем чемпионатын "ҚазСпорт"  көрсетеді

Турнирге қатысатын командалар арасында Азияның маңдайалды ұжымдарының бірі - Қазақстан құрамасы да бар

114 0

Данияда 5-20 желтоқсан аралығы гандболдан қыздар арасында 2015 жылғы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады әлемдік доданы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отырған "Kazsport" телеарнасы. 

Турнирге қатысатын командалар арасында Азияның маңдайалды ұжымдарының бірі - Қазақстан құрамасы да бар. Бұл - қыздарымыздың 2007, 2009 және 2011 жылдан кейін әлем чемпионатына төртінші рет шығуы. 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы D тобында Норвегия, Испания, Румыния, Ресей және Пуэрто-Рико құрамаларымен плей-офф раундына берілетін жолдамаға таласпақ.
Әр топтан келесі кезеңге төрт команда шығады. Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы кездесуін 5 желтоқсан күні Испания құрамасына қарсы өткізеді.

Біздің команданың топтық кезеңдегі барлық кездесуі "Kazsport" телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілу жоспарланған.


Тегтер:

гандбол спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!