"Coca-Cola былғары доп" додасына жыл сайын 400 мың қазақстандық қатысады

Фотография - "Coca-Cola былғары доп" додасына жыл сайын 400 мың қазақстандық қатысады

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл турнирге биыл он жыл толып отыр

310 0

"Coca-Cola былғары доп" жалпықазақстандық балалар және жасөспірімдер футбол турниріне 10 жыл толады. Осы уақыт аралығында еліміздің 1 миллион 200 мың баласы аталған турнирге қатысқан. Бұл туралы бүгін баспасөз мәжілісінде Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов айтты.
 

"Бұл турнир 2006 жылы басталды. Содан бері қаншама талантты балалар түлеп шықты. Ұлттық құраманың намысын қорғап жүрген Бауыржан Исламхан, Рауан Сариев, Серікжан Мұжықов, Сергей Хижниченко,Бауыржан Байтана өздерінің алғашқы қадамдарын осы турнирден бастаған. Елімізде өткізілетін осындай бұқаралық жарыстар балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Физикалық төзімділіктерін жақсартады. Сонымен қатар өскелең ұрпақ арасында белсенді де салауатты өмір салтын ұстануын жоғарылатады", –дейді Ерлан Қожағапанов.

"Coca-Cola" компаниясы 2012 жылдан бері халықаралық турнир өткізуді бастады. Бүгінгі таңда бұл жарысқа әлемнің 1 миллион 300 мыңнан астам жас футболшылары қатысады. Соның үштен бір бөлігін Қазақстан балалары құрайды. Жыл сайын 400 мың қазақстандық "Coca-Cola былғары доп" додасына қатысады.

Федерация президентінің айтуынша "Coca-Cola былғары доп" халықаралық деңгейге шыққаны арқасында отандық турнирдің үздік ойыншылары жыл сайын шет мемлекеттерде еліміздің намысын қорғай алады, деп жазды Baq.kz.

"Бұл турнирдің ең үздік ойыншылары Испания, Оңтүстік Африка, Бразилия, Германия тәрізді елдерде Қазақстан футболының намысын қорғауға мүмкіндік алып отыр. Мысалы, биылғы жылы Тараз қаласының тумасы Әлиарабей Мұқасанұлы ең үздік қорғаушы ретінде танылды. Ол өзінің қайсарлығы мен қажырлығының арқасында қабілетін көрсете білді. Қайтып келгеннен кейін оны "Тараз" клубының скауттары байқап өздеріне шақырды", – дейді Е. Қожағапанов



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!