Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жектің күні белгілі болды

Фотография - Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жектің күні белгілі болды

Боксшылардың ымыраға келе алмауының басты себебі – қай салмақ дәрежесінде сынға түсуі болып отыр.

418 0

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) басшылығы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (46-1-1, 32 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) арасындағы келіссөздерді өткізуге белгіленген күнді 11 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz

Сарапшылардың пайымдауынша, WBC президенті Маурисио Сулейман Альвареске белбеуін ерікті түрде қорғауға мүмкіндік береді. Сонан соң ол Головкинмен кездесуге міндетті болады.

Сонымен, Альварес өз белбеуін 2016 жылдың мамыр айында ерікті түрде қорғайды, ал Головкинге қарсы кездесуі қыркүйек айында өтеді. Мексикада мамыр мен қыркүйек мереке айлары, ырымға сәйкес бұл айлар өте табысты айлар саналады.

Бұған дейін хабарлап келгеніміздей, Альварес пен Головкин белгіленген уақыт ішінде келісімге келе алмаса, WBC мексикалық боксшыдан чемпиондық белбеуді тартып алып, Головкинге табыстауы керек болатын. Боксшылардың ымыраға келе алмауының басты себебі – қай салмақ дәрежесінде сынға түсуі болып отыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!