Футзал: Какау Чехия жерінде 14 футболшыға сенім артады

Фотография - Футзал: Какау Чехия жерінде 14 футболшыға сенім артады

Какау шәкірттері бесінші топқа түсті.

759 0

10 желтоқсан күні футзалдан Қазақстан құрамасы 2016 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерін бастайды. Какау шәкірттері бесінші топқа түсті. Бұл топта Чехия, Словения, Франция құрамалары бар. Топ ойындары Чехияда өтеді. Плей-оффқа екі команда шығады. 
Какау бапкер осы чемпионаттың алдында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді Алматыда. Басында 25 ойыншыны есімін атаған еді. Кейіннен оқу-жаттығу жиындарына 17 футболшыны шақырды. Ең соңында 14 ойыншы қалды.
Қазақстан құрамасы: Григорий Шамро ("Інжу"), Игита ("Қайрат"), Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Михаил Першин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Дуглас, Лео (бәрі де – "Қайрат"), Александр Довгань, Павел Таку, Николай Пенгрин, Александр Гребонос (бәрі де –"Астана-Тұлпар"), Константин Чеботарев ("Аят").

Какау, Қазақстан құрамасының бас бапкері:

– Біздің құрама Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінен кейінгі эйфориядан арыла алмай жүр. Әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылғаннан кейін өте қиын топқа түскенімізді білдік. Мұндай топты спорт әлемінде "өлім тобы" деп атайды.

Бұл күндері футзалда фаворит деген ұғым жоқ. Кімнің дайындығы жоғары, сол жеңеді. Әрине, Чехия құрамасы іріктеу кезеңдерінен іркілмей өтіп жүреді. Оның үстіне өз алаңында ойнайды. Алғашқы ойынды дәл осы құраммен өткіземіз. Бұл матч аса маңызды. Топтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Чехияны жақсы білемін. Бұл жерде төрт жыл жұмыс істегенмін. Словения футзалы да жылдам даму үстінде. Олар биылдың өзінде бірнеше мықты команданы жеңді.

Енді сәл-пәл Франция құрамасы жайлы. Жақында "Қайрат" УЕФА кубогының элиталық раундында Париждің "Спортинг" клубымен кездескен болатын. Сол матчта Франция құрамасының бірнеше ойыншысы болды. Жақсы футболшылар көп.
"Қайраттың" сәтсіздігі құрамаға психологиялық тұрғыда әсер етеді деп ойлаймын. Бұл қателіктен сабақ алдық деуге болады.

Франция құрамасы

Францияда футзал үлкен футболдағыдай керемет нәтижелермен мақтана алмайды. Мысалы, "Лес Блюс" командасы ешқашан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтіп көрмеген. Үш жолақты елдің футзалшылары желтоқсан айында Черногория құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізді.

Ойыншылар құрамы: Джамель Арун, Яссин Мохаммед, Жовин Дюро,
Аздин Айгун , Самир Алла, Сид Бельхадж, Бумедьен Бенсабе, Адрьен Гасми, Камель Амду, Абдессамад Мохаммед, Ландри Нгала, Реда Рабеи, Кевин Рамирес, Алешандре Тешейра.

Пьер Жаке, Франция құрамасының бас бапкері:

– Біз әлемнің үздік 20 командасының қатарына кіретін құрамалармен бір топтамыз. Біз Словения, Чехия және Қазақстанды ешқашан ұтып көрген емеспіз. Алғашқы екеуімен былтыр Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде жолықтық. Ол кезде Чехиядан 3:5, Словениядан 2:11 есебімен ұтылып қалдық. Ойыншыларымның деңгейлері жоғарылағанын соңғы матчтарда көріп жүрмін. Сондықтан топтан шығу үшін барымызды салатын боламыз.

Чехия құрамасы

Қараша айында Чехия құрамасында өзгеріс болды. Командаға жаңа бас бапкер тағайындалды. Ұзақ жылдар бас бапкер болған Томаш Нойманн ауруханада жатыр. Қазір команданы көмекшісі Властимил Бартошек жаттықтырады.

Чехия іріктеудің алдында Жапониямен жолдастық кездесу өткізеді. Бартошек бапкер құрамаға 16 ойыншы шақырды.

Властимил Бартошек, Чехия құрамасының бас бапкері:

– Іріктеу кезеңін Хомутовта өткізетінімізге қуаныштымын. Жанкүйерлер келіп, бізді қолдайды деп ойлаймын. Келесі жылы өз жерімізде өтетін әлем чемпионатынан тыс қалуға тиіс емеспіз. Біздің топ мықты командалардан құралған. Ең қиын қарсылас – Қазақстан құрамасы. Басты мақсатымыз – топтың жеңімпазы атану.

Словения құрамасы

Ален Мордей, Дамир Пушкар, Кристиан Чуец, Игор Братич, Матей Фидершек, Ален Фетич, Нейц Хозян, Урош Крофлич, Рок Мордей, Яка Содвет, Анже Сирок, Игор Осредкар, Тилен Штендлер, Гаспер Врховец.

Андрей Добовичник, Словения құрамасының бас бапкері:

– Топтағы командалардың деңгейі бірдей. Қуанышымызға орай біз өте мықты құраммен бара жатырмыз. Біз топта, кем дегенде, екінші орын алуға тырысамыз.

Матчтардың кестесі:
10 желтоқсан

21:30. Чехия – Қазақстан

11 желтоқсан

21:30. Қазақстан – Словения

13 желтоқсан
18:30. Франция – Қазақстан

 


Тегтер:

бапкер футзал

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!