Зілтемірші Надежда Ногай Катар кубогында 1 орын иеленді

Фотография - Зілтемірші Надежда Ногай Катар кубогында 1 орын иеленді

Жерлесіміз 75 келіден жоғары салмақта сынға түсті

285 0

Қазақстандық Надежда Ногай Доха қаласында 7-8 желтоқсанда өткен "Катар Кубогы" 3-ші халықаралық турнирінде бірінші орын алды, деп хабарлады ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Спортшымыз 75 келіден асатын санатта мықты деп танылды. Қоссайыс нәтижесінде  Надежда 277 келі көтерді (оның ішінде "жұлқа көтеруде" 125 келі оны жарыс көшбасшысы етсе,   "серпе көтеруде" 152 келіні бағындырып үшінші   болды) Екінші орынды мысырлық (117+155) еншілесе, үшінші орынды (110+153) тай  спортшысы қанағат тұтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!