Роналдудың рекорды мен Бенитестің жетістігі

Фотография - Роналдудың рекорды мен Бенитестің жетістігі

Мадридте болған кездесуде алаң қожайындары қонақтар қақпасына жауапсыз сегіз гол соқты

294 0

Чемпиондар лигасының "Реал" мен "Мальме" арасындағы ойында Криштиану Роналду өз рекордына түзеу енгізді. 8-0 есебімен аяқталған кездесуде португалиялық сұрмерген төрт рет мергендігімен көзге түскен болатын. Осы жетістігінің арқасында ол топтық кезеңде соққан голдарының санын он бірге жеткізіп отыр.Бұл жаңа рекорд. Бұған дейінгі үздік көрсеткіш тоғыз гол болатын. Ол да Криштиану Роналдуға тиесілі. Сондай -ақ,"Шахтердың" бұрынғы ойыншысы, бүгінде "Миланда" жүрген Луис Адриано да тоғыз гол соққан. "Реалдың" ешбір ойыншысы бұл турнир "Чемпиондар лигасы"деп аталғаннан бері  бір ойында төрт гол соғып көрмеген. Бұл да Роналду бағындырған жаңа белес.

"Реал" бұл жеңісінің арқасында тағы бір рекордты қайталады. Бұған дейін чемпиондар лигасында ең ірі есеп  2007 жылы "Ливерпуь" мен "Бешикташ" арасындағы ойында тіркелген. Ол кезде де  ағылшындық команда түріктер қақпасына жауапсыз сегіз гол соққан. Ендігі жерде "Реал" да бұл көрсеткішімен мақтана алады. Сегіз жыл бұрын сегіз гол соғылған кездесуде "Ливерпулдің" бас бапкері Бенитес болатын. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!