Алматыдағы Қысқы Универсиада болашақта өтетін Универсиадаларға үлгі болады

Фотография - Алматыдағы Қысқы Универсиада болашақта өтетін Универсиадаларға үлгі болады

Бұл туралы FISU бас хатшысы Эрик Сэйнтронд айтты

297 0

Қазақстанға іс-сапармен келген FISU Халықаралық студенттер спорты федерациясының өкілдерінің ойы осы.  Олар 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың дайындығымен танысты.  «Біз бұл оқиғаны біраз жылдан бері күтіп жүрміз.Алматыға 2011 жылы Универсиада өткізу құқығын берген кезден бастап. Біз Алматыда өтетін Универсиада болашақта басқа Универсиадаларға үлгі болады деген ойдамыз", - деді  FISU бас хатшысы Эрик Сэйнтронд Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева, Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбекпен кездесуінде. "Ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Дариға Назарбаевмен кездесуімізде біздер ең өзекті мәселелерді талқыладық. Вице-премьер өз тарапынан Универсиадаға ықылас танытып,  қолдап жатқаны қуантады",- деді Эрик Сэйнтронд. FISU өкілдері  Алматы қаласының əкімімен кездесуінде информациялық технологиялар мен теле өнімдер жайлы мəселелерді талқылады.«Алматы əкімшілігіне қарасты Дирекцияда жалынды жастардан құралған мықты  топ қалыптасыпты. Олармен жұмыс істеуге құлшынып отырмыз  Біз бірлесіп,  үлкен қарқында жұмыс істегеніміз абзал. Өйткені жарысқа дейін бір жылдан астам уақыт қана қалды», - деді ол.

 Естеріңізге сала кетейік Алматыдағы Қысқы Универсиада ойындары 2017 жылдың 29-шы қаңтарынан 8-ші ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада сайыстарына 55 елден 2000 спортшы қатысады. Универсиада уақытында 3000 ерікті жұмылдырылады. 30 000 -нан астам шетелдік қонақтар келеді деп күтілуде. Универсиаданы 80 елден 1 млрд халық тамашалайды деп жоспарланған. Универсиаданың операциялық бюджеті екі есеге қысқарып,  17 млрд теңгені құраған. Қазақстандық кәсіпорындарын қолдау мақсатында қазқамту 50 % болмақ. Жарыстар 13 спорт түрінен,  8 спорт нысанында өткізіледі.  Қазір жаңа үш спорт нысаны бой көтеруде. Олар 5000 адамдық Атлетикалық қалашық,  3 мыңдық Мұз аренасы және 12 мыңдық Мұз сарайы. Бұл спорт нысандарының құрылысы 70 пайызға дайын жəне 2016 жылдың жаз айларында толық бітеді деп жоспарланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!