Ақтау мен Қостанайда жаңа теннис орталықтары ашылады

Фотография - Ақтау мен Қостанайда жаңа теннис орталықтары ашылады

Ақтау қаласындағы теннис орталығында 5 корт болады

203 0

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтау мен Қостанай қалаларында жаңа теннис орталықтары ашылады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Ақтау қаласындағы теннис орталығында 5 корт болады. Олардың екеуі жабық: біреуі 500 орындық трибунасы бар, екіншісі жаттығуларға арналған. Орталық аумағында 40 орындық  буфет, тренажер залы, медициналық пункт, киім шешетін бөлмелер, нұсқаушылардың кабинеттері, акт залы мен өзге де бөлмелер болады.

Қостанайдағы теннис орталығында 6 корт болады: үш ашық және үш жабық. Орталық аумағында тренажер залы, киім шешетін бөлмелер,  душтар мен өзге де бөлмелер болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!