Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді жеңіспен бастады

Фотография - Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді жеңіспен бастады

Чехиямен болған кездесу 3-1 есебімен қазақстан құрамасының пайдасына шешілді

301 0

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2016 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеуді жеңіспен бастады.

Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Хомутовта жергілікті Чехия құрамасы 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлады Alaman.kz.

Матчтың 8 минутында Давид Цупак гол салып, Чехияны алға шығарған. Араға бес минут салып Лео есепті теңестіріп, артынша Шыңғыс Есенаманов есепті еселеді. 35 минутта Дінмұхамед Сүлейменов үшінші голды салды.

Қазақстан құрамасы 11 желтоқсанда Словения, 13 желтоқсанда Франциямен кездеседі. Әр топтан үздік шыққан екі команда плей офф кезеңіне жолдама алады. Плей офф кезеңіне шыққан 14 құрама жеті жолдамаға таласады.

2016 жылғы футзалдан әлем чемпионаты Колумбияда өтеді. Қазақстан 2016 жылдың басында Сербияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алған еді.

Қазақстан 2012 жылғы әлем кубогы іріктеуінде Венгриядан 1:5, Ресейден 0:4 есебімен жеңіліп, Латвиямен 2:2 есебімен тең түсіп, плей офф кезеңіне шыға алмаған.

Чехия — Қазақстан 1:3 (1:2)
Гол: Цупак 8 (1:0), Лео 13 (1:1), Есенаманов 14 (1:2), Сүлейменов 35 (1:3)
Пенальти соға алмады: Ковач 34 (қақпашы)
Ескерту: Цупак 26, Нұрғожин 42
Чехия: Герчак, Вагал — Ковач, Заруба, Сейдлер, Белей, Цупак, Новотны, Мареш Р., Грубы, Мареш М., Решетар, Слама
Қазақстан: Игита, Шамро — Лео, Дуглас, Есенаманов, Нүрғожин, Сүлейменов, Першин, Гребонос, Жаманқұлов, Пенгрин, Довгань, Таку



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!