FISU делегациясы Алматыда өтетін универсиаданың нысандарына инспекторлық етті

Фотография - FISU делегациясы Алматыда өтетін универсиаданың нысандарына инспекторлық етті

Қысқы универсиадалар директоры Милан Августин алдағы жарыстарға дайындықтың жоғарғы деңгейде екенін айтып өтті.

250 0

Халықаралық студенттер спорты федерациясының өкілдері 2017 жылғы қысқы Универсиадаға арналып салынып жатқан нысандарға барып, жұмыс барысы мен техникалық дайындығын тексерді.

Бір апта бойы FISU-дың қысқы универсиадалар директоры Милан Августин бастаған делегация Алматыдағы спорт нысандарға бас сұқты. Олар "Шымбұлақ" таушаңғы курортында, "Медеу" мұз айдынында, "Сұңқар" трамплиндер кешенінде, Б.Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында, "Алатау" шаңғы және биатлон кешенінде болды.

Қысқы универсиадалар директоры Милан Августин алдағы жарыстарға дайындықтың жоғарғы деңгейде екенін айтып өтті. "Дайындықтың барлығы ойдағыдай екеніне көз жеткіздік. Барлық спорт нысандары уақытысында аяқталып, халықаралық талаптарға сай болады деп ойлаймын",-деді ол.

Бұдан бөлек, FISU өкілдері жаңадан бой көтеріп жатқан 12 мыңдық Мұз сарайы, Универсиада кезінде 5 мың адам сыйатын Атлетикалық қалашық пен сыйымдылығы 3 мың адамдық Мұз аренасында болып қайтты. Тексеру барысында сарапшылар нысандардың озық үлгіде екенін атап өтті.

"Бұл нысандардың керемет үлгіде екеніне көз жеткізгенбіз. Мұз сарайына мұз төсеу үшін ең озық технологиялар қолданылмақ. Мұз сарайы спорттың дамуына үлкен рөл атқармақ. Бірінші рет Универсиада ойындарына арналып, Атлетикалық қалашық салынып жатыр. Бұл жерде жарыс кезінде 5000 адам орналастырылады. Бұл Универсиада бұрыңғылардан әлдеқайда өзгерек болмақ",- деді Милан Августин.

Айта кету керек 2011 жылдың 29-шы қарашасында FISU Алматы қаласын 2017 жылғы қысқы Универсиаданың астанасы етіп шешім шығарған еді. Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып, Қысқы Универсиада өткізбек. 2014-2015 жылдары Халықаралық студенттер спорты федерациясы Универсиаданың дайындығымен танысып, Алматыда бірнеше кездесулер өткізген. Мəселен, былтыр Халықаралық техникалық комитет (CTI) өкілдері FISU жұмыс сапарымен келіп кетті. Былтыр желтоқсанда FISU-дың конькимен жүгіру спортынан өкілдері Қазақстанға атбасын бұрды. Биылғы жылы қазан айында CTI FISU делегаттары Алматыға екінші инспекциялық сапармен келді.


Еске салсақ,Алматыдағы Қысқы Универсиада ойындары 2017 жылдың 29-шы қаңтарынан 8-ші ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада сайыстарына 55 елден 2000 спортшы қатысады. Универсиада уақытында 3000 ерікті жұмылдырылады. 30 000 -нан астам шетелдік қонақтар келеді деп күтілуде. Универсиаданы 80 елден 1 млрд халық тамашалайды деп жоспарланған.

Универсиаданың операциялық бюджеті екі есеге қысқарып, 17 млрд теңгені құраған. Қазақстандық кәсіпорындарын қолдау мақсатында қазқамту 50 % болмақ. Жарыстар 13 спорт түрінен, 8 спорт нысанында өткізіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!