Головкин – Альварес жекпе-жегі 2016 жылдың қыркүйегінде өтетін болды

Фотография - Головкин – Альварес жекпе-жегі 2016 жылдың қыркүйегінде өтетін болды

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 2016 жылдың 17 қыркүйегінде өтетін болды

666 0

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 2016 жылдың 17 қыркүйегінде өтетін болды.

Оған дейін екі боксшы да бір реттен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Альварес мамыр айында Мексикада өтетін Cinco de Mayo мерекесінде чемпиондық белбеуін қорғайды, оның қарсыласы әзірге белгісіз. Ал Головкин наурыз айында америкалық Туреано Джонсонмен қолғап түйістіріп, IBF чемпиондық белбеуін қорғайды.

Айта кету керек, Сауль Альварес пуэрториколық Мигель Коттоны жеңгеннен кейін WBC ұйымы 2016 жылы қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізуге міндетті екенін мәлімдеген болатын. Белгілі бір шешімге келу үшін WBC басшылығы Альвареске 2 апта уақыт берді. Мәжбүрлеудің арқасында мексикалықтың командасы жекпе-жекті келер жылдың соңында өткізуді жоспарлады.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!