Стивен Сигал: Головкин – Ресейден шыққан ұлы боксшы

Фотография - Стивен Сигал: Головкин – Ресейден шыққан ұлы боксшы

Актер Стивен Сигал Мәскеуде өткен FightNights аралас жекпе-жектер кешіне қатысты

552 0

Актер Стивен Сигал Мәскеуде өткен FightNights аралас жекпе-жектер кешіне қатысып, Матч ТВ телеарнасына "ресейлік спортшы" Геннадий Головкин жайлы пікірін айтыпты.

- Сіз микс-файт кештеріне жиі қатысасыз ба? Әдетте, сізді классикалық жекпе-жектерде көруші едік.

- Айкидоға ауысардың алдында, аралас жекпе-жекпен айналысқан болатынмын.

- Ресей спортшылары мен олардың төбелесу стиліне қатысты не айта аласыз?

- Қазір Ресейде жақсы спортшылар көп. Олардың басым бөлігі өз жолын самбо, дзюдо және күрестен бастаған. Мысалы, Геннадий Головкин – ұлы боксшы. Ресейліктердің күресу стилі біршама өзгеше болады, олар көбіне боксқа жақын келеді.

Сонымен, әйгілі америкалық актер, сценарист әрі режиссер 63 жастағы Стивен Сигал "ресейлік боксшы" жайлы жақсы көзқараста екенін білдіріпті. Бұл – америкалықтың қасақана әрекеті ме, жоқ әлде қазақстандық боксшылардың ресейліктерден һәм шеберлік, һәм физикалық тұрғыдан бір бас жоғары тұратынынан бейхабар екендігін білдіре ме?! Қалай болғанда да отандасымыз Геннадий Головкин әрбір сұхбатында өзінің қазақстандық екенін және "мені ресейлік деп айтқандар білсін, мен ешқашан Ресейдің атынан сынға түспеймін, бұлай деп айтқандар менің туып-өскен еліме, жеке басыма құрметсіздік танытқандар деп білемін" деп айтып жүреді.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!