​Toshiba тұрмыстық электроника өндірісіндегі 7000 қызметкерін қысқартпақ

Фотография - ​Toshiba тұрмыстық электроника өндірісіндегі 7000 қызметкерін қысқартпақ

Мұндай шешімге тұрмыстық техника, оның ішінде телевизорларға сұраныстың төмендеуінен басталған.

196 0

Жапониялық Toshiba компаниясы бизнесті қайта құру үрдісін бастап, теледидар мен тұрмыстық техника өндірісіндегі 7 мыңға дейін қызметкерін қысқартатын болды, деп хабарлайды ПРАЙМ.
Ақпарат көздеріне сүйенсек, компаниядағы қиындық туындатқан мәселелер қаржы есептеріндегі бұрмалаулар мен тұрмыстық техника, оның ішінде телевизорларға сұраныстың төмендеуінен басталған.
"Қазір Toshiba компаниясы электр энергиясы жабдықтарының тұрақты өндірісі бағытындағы инфрақұрылым ресурстары басқармасын қолға алды. Оның ішінде жылу және атом электрстансалары, лифт және өнеркәсіптік салқындатқыштар қамтылған", - деп хабарлайды "Никкэй".
Бұған дейін Toshiba компаниясының табысы 6 жыл бойы бұрмаланып, жоғары көрсеткіштерді көрсеткені мәлім болған. Есеп берудегі қателіктерді байқаған Toshiba 2014-2015 жылдары қаржы есебін жариялау мерзімін бірнеше мәрте шегеріп отырды. Нәтижесінде 7 қыркүйек күні жарияланған қаржы есебінде компания үлкен шығынға ұшырағаны анықталды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!