WBC Головкин-Альварес жекпе-жегі бойынша шешімін жариялады

Фотография - WBC Головкин-Альварес жекпе-жегі бойынша шешімін жариялады

31 мамырға дейін өзара жекпе-жек туралы келісуі керек

304 0

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі бойынша шешімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

WBC-дің дүйсенбі күні шығарған шешіміне сәйкес, екі боксшы алдағы жекпе-жекке жұрттың қызығушылығын тудыру үшін өз белдіктерін ерікті түрде қорғау бойынша әрқайсысы бір жекпе-жектен өткізуі тиіс. Одан кейін олар 31 мамырға дейін өзара жекпе-жек туралы келісуі керек. Егер тараптар бәтуаластыққа жете алмаса, WBC промоутерлік сауда тағайындап, жеңімпаз аталған жекпе-жекті ұйымдастырады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!