Қазақстандықтар Ә.Аманқұл, Б.Әбдірахманов және В.Левит Азияның үздігі атанды

Фотография - Қазақстандықтар Ә.Аманқұл, Б.Әбдірахманов және В.Левит Азияның үздігі атанды

Василий Левит пен Берік Әбдірахманов екеуі олимпиада жолдамасын алып қойған

335 0

Азиялық бокс конфедерациясы жылдың үздік боксшыларын анықтады.

"Азияның үздік жас боксшысы" Қазақстанның жастар құрамасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жамбылдық Әбілхан Аманқұл атанды. Оның әріптесі Берік Әбдірахманов (60 кг) АРВ жобасына қатысатын бокшылардың арасында "Континенттегі үздік боксшы" болды. Василий Левит (91 кг дейін) "Азияның үздік боксшысы" аталымында үздік атанды. Жеңімпаздарға тиісті  АИБА вице-президенті мен Азиялық бокс конфедерациясы президенті Серік Қонақбаевтың қолы қойылған сертификаттар беріледі.

Еске сала кетейік, Аманқұл осы жылы Қазақстандағы бірнеше турнирде жеңіске жетті, ал Әбдірахманов пен Левит Рио-де-Жанейродағы  Олимпиада ойындарына жолдама алды.  Василий қыркүйекте Таиландтағы турнирде чемпион атанды.


Тегтер:

бокс спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!