"Астана" велоклубының атауы өзгеріске ұшырамақ

Фотография - "Астана" велоклубының атауы өзгеріске ұшырамақ

Қалетаев биыл "Астана" командасының бюджеті қысқарса да, команда "Тур-де-Франс" пен "Джироға" баратынын мәлім етті.

237 0

Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев елде велоспортты дамыту жұмыстары дағдарысқа қарамастан жалғаса беретінін жеткізді. Ол елордада өткен "Астана" командасының 2016 жылғы маусымына ресми тұсаукесер жиынында велокоманданың бюджеті туралы да айтты, деп хабарлайды alaman.kz. Федерация президенті "Рио-де-Жанейро Олимпиадасында медаль алу - келер жылғы басты мақсат" деді. Бұдан бөлек, Қалетаев әлемдік қаржылық дағдарыс спортқа да әсер етіп жатқанын жасырған жоқ.
- "Астана" командасының жылдық бюджеті 18-22 миллион еуро болған. Биыл бұл сома қысқаруы мүмкін. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Мүмкіндік болса, жылдық бюджетті 18 миллион еуро көлемінде сақтап қалғымыз келеді, 15 миллион еуро да болуы мүмкін. Ал "Астана" әйелдер командасы, "Astana-city", "Vino-4-ever", "Астана" велотрек командасының жылдық бюджеті бір миллион еуро, - деді ол.
2015 жылдың басында "Астана" командасы БАӘ елінің мемлекеттік компанияларымен демеушілік туралы келіссөздер бастаған. Қалетаев бұл келісімнің әлі нақты шешілмей жатқанын айтты.
- Арабтармен жұмыс істеу қиын. Біз екі кездесу өткіздік. Біз команданың атын өзгертуді қаламаймыз. Ал арабтар команданың атын өзгертуді қалайды. "Астана" - Қазақстан үшін саяси әрі имидждік жоба. Сондықтан "Астана" атауын басқа атауға ауыстыру мүмкін емес. Кейін "Астана" атауына тағы бір атты қосарлап қосу жағын қарастырдық. Бұл жерде "Астана" атауы немесе арабтар ұсынатын атауы бірінші жазыла ма?" деген мәселе туындады. Енді 20 желтоқсаннан кейін арабтармен тағы бір мәрте кездесіп, бұл мәселені тағы талқылаймыз, - деді Қалетаев.
"Астана" командасындағы итальяндық шабандоз 2015 жылы Гранд турлардың бірі Испаниядағы "Вуэльта" жарысында жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстандық велокоманда 2015 жылғы маусымда түрлі жарыстарда барлығы 35 рет жеңіске қол жеткізген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!