Ресейліктер Ильинді марапаттаған сәтте ескі Әнұран қойылғаны үшін кешірім сұрады

Фотография - Ресейліктер Ильинді марапаттаған сәтте ескі Әнұран қойылғаны үшін кешірім сұрады

Ресей президентінің кубогінде қазақстандық Илья Ильин 2 әлем рекордын жаңартып, чемпион атанған болатын.

308 0

Грозный қаласында өткен ауыр атлетикадан Ресей президентінің кубогінде қазақстандық Илья Ильин 2 әлем рекордын жаңартып, чемпион атанған болатын.

Алайда, аталған сында жеңімпаз атанған қазақстандық спортшыны марапаттау кезінде Қазақстанның ескі Әнұраны ойнатылды. Осыдан соң, жеңіс тұғырында тұрған қазақстандық спортшылар Илья Ильин мен Александр Зайчиков және теледидар алдындағы қалың жанкүйер  ренішін білдірген болатын.
Ұйымдасшырушылар дереу Қазақстанның қазіргі Әнұранын қойды. Кеше 2 дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин Ресей аувр атлетика федерациясының Қазақстан Әнұранын ауыстырып жібергеніне байланысты кешірім сұраған хатын жариялады.
"Илья Ильиінді марапаттау сәтінде Қазақстанның 2006 жылға дейін қолданылған Әнұраны ойнатылды. Техникалық қате кетті. Осыған орай, сізден және барша Қазақстан халқынан кешірім сұраймыз", – делінген хатта.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!