Гус Хиддинк "Челсидегі" Моуриньоның орнын басты

Фотография - Гус Хиддинк "Челсидегі" Моуриньоның орнын басты

Ресей құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Гус Хиддинк Лондонның "Челси" футбол клубында Жозе Моуриньоны алмастырады.

183 0

Бүгін Лондонның "Челси" футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кеткен Жозе Моуриньоның орнын Гус Хиддинк басатыны белгілі болды. Бұл туралы "Лента.Ру" мәліметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.
"Ресей құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Гус Хиддинк Лондонның "Челси" футбол клубында Жозе Моуриньоны алмастырады", делінген The Telegraph хабарламасында. Голланд маманы команданы маусым соңына дейін жаттықтырады.
"Челси" 17 желтоқсан күні Моуриньоның кететіні туралы хабарлады, тараптар екі жақтың мәмілесі бойынша келісімді жойды. Ал "Челси" қазір 16 турдан кейін 15 ұпаймен 16-орында келеді. Жалпы, Англия чемпионатында 22 команда ойнайды.
Португалдың 54 жастағы маманы Жозе Моуриньо "Челсиді" бұдан бұрын 2004-2007 жылдар аралығында жаттықтырған. Ол командаға 2013 жылы қайта келіп, оны Англия чемпионаты мен Лига Кубогында жеңіске жеткізді.
Гус Хиддинк 2009 жылы бірнеше ай "Челсиде" бас жаттықтырушысының міндетін атқарды. Бұл жұмысты ол Ресей құрамасымен бір мезгілде орындады. Сол жылы Лондон клубына Англия кубогын алғызып берген еді. Хиддинктің соңғы командасы Нидерланд құрамасы болды. Ол бұл орыннан 2015 жылғы маусым айында кетті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!