Қарағандыда олимпиада чемпиондары Жарылғаповтың атынан бокстан турнир өткізуде

Фотография - Қарағандыда олимпиада чемпиондары Жарылғаповтың атынан бокстан турнир өткізуде

Турнирге қатысатын 130 боксшының 90-нан астамы еліміздің қалалары мен облыстарынан жиналған.

752 0

Қарағандыда Ғалым Жарылқаповты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтіп жатыр. Турнирге Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан спортшылары қатысып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Турнирге қатысатын 130 боксшының 90-нан астамы еліміздің қалалары мен облыстарынан жиналған. Олардың қатарында Әділбек Низяымбетов, Қайрат Ералиев, Олжас Сәттібаев, Ілияс Сүлейменов және Самат Бәшенов сынды мықталар бар. Жарысқа қатысатындардың басым бөлігі жастар, олар осы сайыста барын салып, ұлттық құрама командаға қабылдануға тырысып көреді.
Айта кету керек, бапкерлер кеңесі осы жолғы турнирде Рио олимпиадасына жолдама ала алмаған салмақ дәрежесіне қазақстандық боксшыларды іріктемек. Сол себепті бапкерлер бүкіл өңірден мықты деген боксшылардың барлығын алып келген.
2016 жылы Қытайда өтетін лицензиялық турнирге ұлттық құрама жаңа құраммен баруы әбден мүмкін. Жарылғапов атындағы турнирдің қорытындысы 21 желтоқсанда шығарылады.







Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!