Головкин қарсыласын анықтайтын жекпе-жекті асыға күтуде

Фотография - Головкин қарсыласын анықтайтын жекпе-жекті асыға күтуде

Қазақстандық Геннадий Головкин өзінің келесі қарсыласы анықталуы мүмкін жекпе-жекті асыға күтіп отыр.

149 0

Қазақстандық Геннадий Головкин өзінің келесі қарсыласы анықталуы мүмкін жекпе-жекті асыға күтіп отыр.

"WBO чемпионы титулы сарапқа салынатын Энди Ли – Били Джо Сондерс жекпе-жегін асыға күтіп жүрмін!", - деп жазды GGG Твиттерде.

"Оның немен аяқталатынын тезірек білгім келеді", - деп толықтырды Геннадий Instagram-дағы жеке парақшасында.

Бұдан бұрын Boxingnews24.com журналисі Ли – Сондерс кездесуінің жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасудан бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

"Сондерс Головкинмен кездесуге мүдделі емес екенін айтып үлгерді. Лидің де басқа жоспары бар, мысалы, Джейкобс. Әрине, Лёффлер оларды қомақты ақшамен қызықтыруы мүмкін, алайда Головкиннен рейтингі жоғары қарсыласты таңдап жатса таңғалудың қажеті жоқ", - деп есептейді журналист Дэн Эмброуз.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!