Қазақстандық Алина Райкова IBU Кубогында үшінші орын алды

Фотография - Қазақстандық Алина Райкова IBU Кубогында үшінші орын алды

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

95 0

ҚР ҚМ Орталық спорттық армия клубының әскери қызметкері, кіші сержант Алина Райкова IBU Кубогының ІІІ кезеңіндегі жеке жарыста үшінші орын алды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Биатлоннан жарыс австриялық Обертиллиахта өтіп жатыр. Халықаралық жарыс көшбасшыларының үштігіндегі жүлделі орынға барар жолда қазақстандық биатлоншы басқа елдерден келген мықты қарсыластарынан озды. 15 шақырымдық төрт шепті ол 30,8 секундта өтті, бұл ретте бірде-бір рет қателескен жоқ. Бірінші және екінші орындарды кіші сержант Алина Райкова ресейлік Светлана Слепцова (47.08,6, бір рет қателесу) және норвегиялық спортшы Лена Одланнсвикке берді.

Кіші сержант Алина Райкова -ЦСКА-ның биатлон бойынша штаттық командасының лауазымды спортшысы, 2014 жылы Сочидегі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2015 жылғы қысқы Универсиаданың чемпионы, ҚР спорт шебері.


ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!