Астанада каратэден халықаралық турнир басталды

Фотография - Астанада каратэден халықаралық турнир басталды

Астанада киокушинкай каратэден халықаралық турнир өтіп жатыр.

131 0

Астанада киокушинкай каратэден халықаралық турнир өтіп жатыр.

 Байрақты бәсекеге еліміздің құрама командасымен қатар ТМД мемлекеттерінің өкілдері де қатысуда. Жалпы саны 300-ге тарта спортшы жас ерекшелігі мен салмақ дәрежесіне қарай бірнеше топқа бөлінген. Жекпе-жек өнерін жетік меңгергендердің арасында Данияр Әлімүсінов, Ерболат Қанапин, Әлемгүл Сабырхан сынды шеберлер бар. Турнир қорытындысы бойынша келер жылғы Азия чемпионатына іріктеу жасалмақ. Сондай-ақ қаңтар айында Алматыда өтетін ірі жарыстың алдында спортшылар таптырмас тәжірибе алары сөзсіз. Астанадағы додаға ересектер арасында әлем чемпионатында жүлде салып жүрген испандық Алехандро Наварро арнайы шақырылған.

 Әлімжан Молдағали, ҚР киокишункай каратэ федерациясының президенті:
- Бұл жарыстың беделі жылдан-жылға өседі деген ойдамыз. Жыл сайын жақын шетелден келетін спортшылардың қатары артуда. Жастарымыздың патриоттық сезімін арттырып, азамат қылып тәрбиелеу басты мақсат.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!