Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстанның жастар құрамасы қола жүлдені қанжығалады

Фотография - Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстанның жастар құрамасы қола жүлдені қанжығалады

Қола медальді сарапқа салғанда Қазақстан құрамасы Австрия ойыншыларын 5:2 есебімен тізе бүктірді.

206 0

20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионында А тобында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы шешуші ойында Австрия ойыншыларын 5:2 есебімен тізе бүктірді, деп жазады Sports.kz.

Қазақстан ойыншылары тарапынан Дмитрий Гренц, Владимир Волков, Игорь Боровиковтар бір-бір гол салса, Степан Штефан дубль авторы атанды.

Осылайша біздің ойыншыларымыз 9 ұпай еншілеп, турнир кестесінің үшінші сатысына табан тіреді. Бірінші және екінші орында Латвия және Австрия тұр. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!