"Астана" тбилисилік "Витаны" ойсырата жеңді

Фотография - "Астана" тбилисилік "Витаны" ойсырата жеңді

Есеп – 118:61.

171 0

ВТБ Бірыңғай лигасы аясында "Астана" баскетбол командасы өз алаңында тбилисилік "Витаны" ұтты, есеп – 118:61, деп хабарлайды Sports.kz.

"Астана" барлық төрт кезеңде де қарсыласынан басым түсті, ойынның бірінші, үшінші және төртінші бөлігінде қазақстандық команда екі еседен көп ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті.

"Астананың" қоржынына Патрик Калатес 23, Павел Ильин 20, Антон Пономарев және Кирилл Натяжко 16 ұпайдан, Джерри Джонсон 13, Алексей Жуканенко 12, Анатолий Колесников 8 ұпай салды.
22 желтоқсан күні "Астана" сырт алаңда "Нижний Новгород" командасымен кездеседі.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!