Болгариялықтар "Астана" бапкерін сынға алуда

Фотография - Болгариялықтар "Астана" бапкерін сынға алуда

"Астананың" бас бапкері Станимир Стойлов туып өскен Хасково қаласында өткен қайырымдылық матчына бармағаны үшін оны отандастары сынға алды

234 0

"Астана" клубының бас бапкері Станимир Стойлов туып өскен Хасково қаласында өткен қайырымдылық матчына бармағаны үшін оны отандастары сынға алды.

Матчқа софиялық ЦСКА мен Ботев клубтарының ардагерлері қатысқан. Ойынды өткізудегі мақсат – Болгария құрамасының ардагері 65 жастағы экс-форвард Йордан Кичековты емдеуге қаржы жинау болған.

Ұйымдастырушылар Хасково тумасы Станимир Стойловқа арнайы шақыру жібергенімен, астаналық клубтың бас бапкері матчқа бармаған. Бұған наразы болған болгариялықтар "Стойлов қазір демалыста жүрсе де шақыруымызды қабылдамады" деп, бапкерді қатты сынға алған, деп жазады жергілікті Blitz.bg басылымы.

Әзірге демалысты жүрген бапкер бұл жағдайға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Мұның алдында ол Софияда болып, болгариялық мамандарға дәріс оқыған болатын.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!