Ертең Илья Ильин докторлық диссертациясын қорғайды

Фотография - Ертең Илья Ильин докторлық диссертациясын қорғайды

Илья Ильин философия ғылымдарының докторы дәрежесін алу мақсатында диссертациялық жұмысын қорғайды.

249 0

Атағы еліміздің шекарасынан асып, барша әлемге жайылған ауыр атлет Илья Ильин философия ғылымдарының докторы дәрежесін алу мақсатында диссертациялық жұмысын қорғайды.

Қазақ спорт және туризм академиясында философия ғылымдарының докторы дәрежесін алу мақсатында Ильи Ильин «Ауыр атлеттерді дайындаудың ғылыми-әдістемелік негізі» тақырыбындағы (6D010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша) докторлық диссертациясын қорғайды.

Илья Александрович Ильин – қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.

"PHD диссертациясын қорғауға дайындық #ilyailyin#ильяильин #Қазақстан", - деп жазыпты спортшы Instagram парақшасында.

Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұлдың кенжесі. Спорт залға алғаш рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп барған. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы.

Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренеді. Бірақ, арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастайды. Алғашқы бапкері Вилорий Пак.


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!