Блаттер мен Платини футболдан 8 жылға шеттетілді

Фотография - Блаттер мен Платини футболдан 8 жылға шеттетілді

Қазан айының басында аталған екеуі де сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікпен 90 күнге қызметтерінен шеттетілген болатын

182 0

ФИФА президенті Зепп Блаттер мен УЕФА басшысы Мишель Платини әрқайсысы 8 жылға футболмен шұғылданудан шеттетілді, деп хабарлады AFP. Мұндай шешімді ФИФА-ның этика жөніндегі комиссиясы қабылдады. 

Қазан айының басында аталған екеуі де сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікпен 90 күнге қызметтерінен шеттетілген болатын. Қараша айының соңында Блаттер мен Платиниге қатысты тергеу басталған. Екеуі де өмір бойына дисквалификациялануы мүмкін екендігі хабарланған.

Еске салсақ, ФИФА-ның жаңа басшысын сайлау 2016 жылғы 26 ақпанда өтеді. Комиссия шешімі Платинидің бұл сайлауға қатыса алмайтынын білдіреді.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!