Илья Ильин бес жылдан кейін спорттан кетеді

Фотография - Илья Ильин бес жылдан кейін спорттан кетеді

Екі дүркін әлем чемпионы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин 32 жасқа толғанда спортпен қош айтысатынын мәлім етті

638 0

Олипияда чемпионы Илья Ильин, бес жылдан кейін, яғни 32 жасқа толғанда спорттан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Ильин докторлық диссертациясын қорғауға арналған баспасөз мәслихатында айтты.

"Кәсіпқой спортта жеңіске жетуі үшін жүйелі түрде жаттығып, еңбек ету керек. Жеңіске тынымсыз еңбектің арқасында ғана жетесің. Менің күніне үш рет жаттыққан кездерім болды, сонымен бірге көп сапар шегемін. Соның арасында ғылыми жетекшіммен жолығып, 2-3 сағаттап Академияда сұхбаттасқан уақыттарым болды. Бұл бапкерлік алғашқы қадамым. Шынымды айтсам, 32 жасқа толғанда спорттан да, бапкерліктен де біржола қол үзсем деген ойым бар. Алдағы уақытта өз командамда менеджер болып қызмет еткім келеді", - дейді И.Ильин.

Ильин докторлық диссертациясын "Жоғары білікті ауыр атлеттерді дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі" тақырыбында қорғады.


Қазір 27 жастағы спортшы екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы. Естеріңізде болса, бұған дейін ол бір сұхбатында үшінші рет олимпиада чемпионы атанып, төртінші олимпиада кезеңіне қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!