Астанада "Хан Шатыр" маңынан "Астана" ФК академиясы салынатын болады

Фотография - Астанада "Хан Шатыр" маңынан "Астана" ФК академиясы салынатын болады

Оның сөзіне қарағанда, бұл жобаға қаражаттың едәуір бөлігі демеушілерден алынады, «Самұрық-Қазына» қорының үлесі неғұрлым азайтылады

214 0

Елордада "Хан Шатыр" маңынан "Астана" клубының футбол академиясы салынатын болады. Бұл туралы бүгін "Эксперт" сарапшылық клубының отырысында "Астана" клубының бас менеджері Қайсар Бекенов мәлім етті, деп жазды ҚазАқпарат.

"Бір құпияның сырын ашайын, біз өзіміздің базамыздың, футбол академиямыздың құрылысы жөніндегі келіссөздерді аяқтап қалдық. Астана әкімі Әділбек  Жақсыбеков Хан Шатыр артынан жер тауып беруге де ықпал жасады. 8,5 гектар жер бөлінді", - дейді бас менеджер.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жобаға қаражаттың едәуір бөлігі демеушілерден алынады, "Самұрық-Қазына" қорының үлесі неғұрлым азайтылады.

"Самұрық-Қазына" қоры өзінің "Bi-Group" компаниясымен демеушілік туралы келісімін пайдалана отырып, келесі жылы жобалау жұмыстарын бастауға мүмкіндік болады деп ойлаймын. "Самұрық-Қазына" тарапынан қаражаттың бөлінуі неғұрлым аз болады. Негізінен ол демеушілердің есебінен қаржыландырылмақ", - деп атап өтті ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!