Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді

Фотография - Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді

Орта салмақта WBA FedeCaribe тұжырымы бойынша "алтын белдікті" иеленген Қанат бұған дейінгі 20 кездесудің барлығын да айқын ұтты

211 0

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіби рингтегі 21-ші жекпе-жегіне дайындалуда.  Қарашада доминикандық Батистаны айқын ұтқан қазақ жігіті келесі кездесуін қаңтар айының 15-20-ы аралығында өткізуді жоспарлап отыр, деп жазады "Хабар" арнасы.

 "Уақытты бос өткізбей мүмкін келер айда жоспарлар бар. Оны менің Америкадағы командам, промоутерларым, жаттықтырушыларым қазір сол жұмыстармен сөйлесіп жатыр", - деді WBA FedeCaribe чемпионы Қанат Ислам.

Орта салмақта WBA FedeCaribe тұжырымы бойынша «алтын белдікті» иеленген Қанат бұған дейінгі 20 кездесудің барлығын да айқын ұтты. 

"Ендігі қарсыласты Колумбиядан WBA мамандары ұсынып жатыр", - дейді Қанат Ислам.  Себебі Ислам қазір осы тұжырым бойынша үздік бестіктің қатарында тұр.

Биыл атақты промоутер Эл Хэймонмен келісімшартқа отырған жерлесіміз: "Жекпе-жекті Қазақстанда өткізсек. Мүмкін болса осы Алматы, Астанада 21-ші кездесуімді өткізуге ұсыныстар бар", - дейді қазақстандық боксшы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!