ҚФФ президенті Орал қаласын аралады

Фотография - ҚФФ президенті Орал қаласын аралады

Ең алдымен «Ақжайық» футбол клубы ойнайтын Петр Атоян атындағы стадионға келді.

121 0

Кеше  Қазақстан футбол федерациясының жұмыс тобы Орал қаласын аралады. 

ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов іссапарын футбол инфрақұрылымымен танысудан бастады.
Ең алдымен "Ақжайық" футбол клубы ойнайтын Петр Атоян атындағы стадионға келді. Оралдық клуб 2015 жылдың қорытындысы бойынша Бірінші лиганың жеңімпазы атанып, Премьер-Лиганың жолдамасына ие болды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен "Ақжайық" футбол клубы жергілікті футболшыларға сенім артуын жалғастыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар, келесі маусымда облыс намысын абыроймен қорғайтынын айтты, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.
Жұмыс тобы кейін "Энергия" спорт кешенін аралады. "Ақжайық" футбол орталығының тәрбиеленушілері қыс мезгілінде бұл кешенде жаттығу жүргізеді. Залға жиналған жас футболшылар Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Тоқтарханұлымен әңгімелесіп, федерация жетекшісінің жылы лебізін тыңдады.
Орал қаласындағы жұмыс тобы аралаған соңғы спорттық нысан "Ақжайық" стадионы болды. Бұл жақта жергілікті команда алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастаған. ҚФФ басшысы стадионды, ғимаратты, жаттығу залын қарап шықты. Келесі маусымға дайындық жүргізіп жатқан оралдық футболшыларды Бірінші лигадағы жеңісімен құттықтады.
Спорттық нысандарды қарағаннан кейін жұмыс тобы қаладағы футбол жанашырларымен кездесуге бет алды.

"Өткен маусымның қорытындысы бойынша "Ақжайық" футбол клубы Премьер-лигаға шықты. Оралда жергілікті футболшыларға сенім артып келе жатқанын қолдаймын. Осы маусымда команданың 80 пайызын жергілікті футболшылар құраған, - дейді Ерлан Қожағапанов. - Бұл өте жақсы көрсеткіш. Алайда, негізгі құрамға тұрақты түрде жергілікті футболшыларды дайындау үшін футбол орталығының жұмысына қолайлы жағдай жасауымыз керек. Бірінші кезекте футбол инфрақұрылымы. Көптеген облыстағыдай Орал өңірінде де қыс мезгілінде футболмен шұғылдануға жағдай жасалмаған. Манеж құрылысын салу қажет. Менің ойымша, ең басты міндет Батыс Қазақстан облысында Ионкин, Логинов, Жұмасқалиев, Покатилов және т.б футболшылардың деңгейіндегі спорт шеберлерін дайындау".

Инфрақұрылымнан бөлек, балалар және жасөспірімдер футболының, "Ақжайық" футбол клубының өзекті мәселелері талқыланды.

ҚФФ президентінен бөлек, сұрақтарға "Ақжайық" футбол клубының директоры Бағдат Ақниязов, облыстық спорт басқармасының жетекшісі Азамат Бекет жауап берді. Азамат Бауыржанұлы осы маусымдағы клубтың бюджеті 400 милллион теңге құраған айтты.
Футбол жанашырларымен кездесу аяқталғаннан кейін Ерлан Қожағапанов футбол орталығының 1997 жылы туған тәрбиеленушілеріне аттестат табыс етті.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!