Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев допинг пайдаланды деген күдікке ілінді

Фотография - Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев допинг пайдаланды деген күдікке ілінді

Спортшыларымыз келесі жылы өтетін Рио олимпиадасына қатыспауы мүмкін

1376 0

Ауыр атлетика бойынша халықаралық федерациясы (IWF) қазақстандық зілтеміршілер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайды допинг пайдаланды деген күдікпен спорттан уақытша шеттетті, деп хабарлады Sports.kz IWF ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ тізімде 2011 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, үш дүркін Еуропа чемпионы және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері  Беларусь өкілі Анастасия Новикова, 2015 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері беларусь Александр Венскель, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және Қазандағы Универсиада жеңімпазы әзербайжандық Фирудин Гулиев, 2009 жылғы ЕЧ күміс жүлдегері   әзербайжандық Интигам Заиров, 2014 жылғы әлем чемпионы ҚХДР өкілі Рё Ын Хи әлем чемпионатының  үш дүркін күміс жүлдегері ҚХДР өкілі Ким Гван Сон бар.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!