Месси, Роналду, Неймар жылдың үздік 100 футболшысының көшін бастады

Фотография - Месси, Роналду, Неймар жылдың үздік 100 футболшысының көшін бастады

Үздік бестіктің қатарында Луис Суарес пен Роберт Левандовский да бар

367 0

Ұлыбританияның "Guardian" басылымы 2015 жылдың үздік 100 футболшысын рейтингін жариялады. 

Алғашқы үштікті Лионель Месси ("Барселона"), Криштиану Роналду ("Реал") және Неймар ("Барселона") бастап тұр. Былтырғы жылы Роналду, Месси және "Бавария" Мануэль Нойер қапашысы болған еді, деп жазды Baq.kz.

Сондай-ақ бірінші ондықта мына ойыншылар бар: 4. Луис Суарес ("Барселона"), 5. Роберт Левандовский, 6. Томас Мюллер (екеуі де – "Бавария"), 7. Златан Ибрагимович ("Пари Сен-Жермен"), 8. Нойер ("Бавария"), 9. Серхио Агуэро ("Манчестер Сити"), 10. Алексис Санчес ("Арсенал").

Айта кетейік, Месси, Роналду, Неймар үштігі биылғы жылдың "Алтын доп" сыйлығына да үміткер ретінде де белгілі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!