Рохер Каньяс "Астанамен" жаңа келісімге келді

Фотография - Рохер Каньяс "Астанамен" жаңа келісімге келді

Каньяс өкілдері РФПЛ клубтарымен келіссөз жүргізген, алайда колумбиялық Қазақстандағы мансабын жалғастыратын болды

231 0

"Астана" ФК жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс елордалық клубпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлады Vesti.kz. 

Каньяс өкілдері РФПЛ клубтарымен келіссөз жүргізген, алайда колумбиялық Қазақстандағы мансабын жалғастыратын болды. Екі жыл бұрын 25 жастағы жартылай қорғаушы донецкілік "Металлургте" болған. Алайда медициналық тексеру барысында футболшыда бір ғана бүйрек бар екені анықталған, содан кейін келісімшарттан бас тартқан болатын.

"Тәжірибесі көп Каньяс Астана ұсынған шартқа келісті. Жартылай қорғаушыға польшалық клубтар да қызығушылық танытқан", - делінген хабарламада.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!