Асхат Жіткеев докторлық диссертациясын қорғады

Фотография - Асхат Жіткеев докторлық диссертациясын қорғады

Асхат Жіткеевтің ғылыми еңбегінің тақырыбы: "Дзюдошылар дайындығында қазіргі заманғы технологияларды қолдану" деп аталады

225 0

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, дзюдошы Асхат Жіткеев философия (Phd) докторы атанды. Бұл туралы бүгін "Қазақстанның дзюдо федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Асхат Жіткеевтің ғылыми еңбегінің тақырыбы: «Дзюдошылар дайындығында қазіргі заманғы технологияларды қолдану» деп аталады.

Айта кетелік, бүгінде дзюдодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Қазақстан дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры болып қызмет атқарады.

Ол ел өңірлерінде бапкерлерге арналған семинарлар өткізумен айналысады. Сонымен қатар, ел дзюдошыларының дайындығына белсенді түрде ат салысып, халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарға қазақ құрамасымен бірге барып, спортшыларға жарыс жолында кеңес береді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!