Александр Бородюк "Қайраттың" бас бапкері болды

Фотография - Александр Бородюк "Қайраттың" бас бапкері болды

"Қайрат" ФК белгілі ресейлік маманмен үш жылдық келісімшартқа қол қойды

174 0

"Қайрат" ФК белгілі ресейлік маманмен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды. 

Бапкерлік жолын Александр Бородюк 2001 жылы "Крылья Советов" командасынан бастады. 2002 жылы ол Ресей құрамасының бапкерлерінің бірі болды. Ал 3 жылдан кейін Ресейдің жастар құрамасының бас бапкері атанды. Дегенмен басты құрамадағы қызметін тоқтатпады, онда аға жаттықтырушы болған.

2013 жылы Александр Бородюк мәскеулік "Торпедоның" бас бапкері болып, команданы Ресейдің Премьер-лигасына алып шықты.

Ресей құрамасынан Фабио Капелло  кеткеннен кейін Александр Бородюк бұл қызметке үміткерлердің бірі болды.

"Қайратта" еңбек шарты бойынша Александр Бородюк 3 жыл бойы бас бапкер міндетін атқарады.


ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!