"Тобылдан" сегіз легионер кетті

Фотография - "Тобылдан" сегіз легионер кетті

Клуб басшылығы алғашқы ОЖЖ-ға "Қазақстан футболының түлегіне" жатпайтын ойыншыларды шақырмапты

166 0

Қостанайдың "Тобыл" командасы алғашқы оқу-жаттығу жиынын (ОЖЖ) Түркияда өткізеді. Көптеген футболшылар алғашқы жиынға қатыспайды, деп жазды Baq.kz.
 

Бірінші ОЖЖ 8-22 қаңтар аралығында өтеді. Клуб басшылығы алғашқы ОЖЖ-ға 1Қазақстан футболының түлегіне1 жатпайтын ойыншыларды шақырмапты. Былтырғы маусымда өнер көрсеткен Игорь Зенькович, Огнен Красич, Уче Калу, Ненад Шливич, Дейвидас Матулевичус, Арунас Климавичус, Штефан Кучера, Сергей Мошников командадан кететін болды.

Айта кетейік, Қостанай облысына Архимед Мұхамбетов әкім болып келгеннен кейін облыстағы футболды дамытуға ерекше көңіл бөлінетіні айтыла бастаған еді. Келесі маусымда "Тобыл" командасын күшейту көзделіп жатқан көрінеді. Жақын арада командаға бапкер тағайындалады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!