"Астана" Ресей және Украина командаларымен кездеседі

Фотография - "Астана" Ресей және Украина командаларымен кездеседі

"Астана" атақты мәскеулік "Спартак" командасымен жолдастық кездесу өткізеді

241 0

"Астана" футбол клубы Әбу-Дабиде өтетін алғашқы ОЖЖ кезінде Мәскеудің "Спартак" клубымен ойнайды. 

Бұл матч 27 қаңтарда өтеді. Ресей командасы 18 турдан кейін 30 ұпаймен премьер-лигада төртінші орында тұр, деп жазды Baq.kz.

Одан кейін келесі ОЖЖ кезінде Стойлов шәкірттері Украинаның "Волынь" клубымен жолықпақшы. Бұл матч Түркияда өтеді. Нақты қай күні екені әзірге белгісіз.

Виталий Кварцян жаттықтыратын команда 16 матчтан соң, Украина біріншілігінде бесінші орында келеді. "Волынь" қысқы үзілісте Түркияда қаңтар-ақпан айларында өткізетін екі жиын кезінде 10 жолдастық ойын жоспарлап отырған көрінеді. Соның бірі "Астана" командасымен болатын матч.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!