Огай "Тобылға" қайта оралды

Фотография - Огай "Тобылға" қайта оралды

Дмитрий Огай Қостанайда бұған дейін де жұмыс істеген болатын

107 0

Қостанайдың "Тобыл" клубы ресми сайтында бас бапкер қызметіне Дмитрий Огайдың тағайындалғанын жазды.  

Дмитрий Огай Қостанайда бұған дейін де жұмыс істеген болатын. 2005-2009 жылдар аралығында бас бапкер болып қызмет атқарады. Сол жылдары "Тобыл" "Интертото" кубогында жеңіске жетті. Сондай-ақ ел чемпионатында үш рет күміс, екі рет қола жүлдегер атанды.

Ал былтырғы жылы Огай Қызылорданың "Қайсарын" жаттықтырып, чемпионатта бесінші орын алған еді. Бірақ биыл сол биіктен көріне алмады. Маусым ортасында қызметінен кетті. "Қайсарда" бірге жұмыс істеген көмекшілері Сергей Кулинич, Юрий Новиков, Руслан Балтиев, Евгений Антонов Қостанайға да еріп барды, деп жазды Baq.kz.

Айта кетейік, "Тобыл" қазірдің өзінде Фернандер Кассай (ОАР), Алассане Н'Диайе (Франция) Тимур Досмағамбетов ("Тараз") секілді ойыншылармен келісімшартқа отырып үлгерді.Ал былтырғы маусымда өнер көрсеткен Игорь Зенькович, Огнен Красич, Уче Калу, Ненад Шливич, Дейвидас Матулевичус, Арунас Климавичус, Штефан Кучера, Сергей Мошников командадан кететін болды.

Бірінші ОЖЖ 8-22 қаңтар аралығында Түркияда өтеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!