Футбол төрешісі анасына қорлау сөз естігенде жылап қалды (видео)

Фотография - Футбол төрешісі анасына қорлау сөз естігенде жылап қалды (видео)

Тунис чемпионатының төрешісі Яссин Харуш "Бизерте" және "Марса" (1:0) футбол матчы кезінде алаңда жанкүйерлердің сөзінен жылап қалған

336 0

Тунис чемпионатының төрешісі Яссин Харуш "Бизерте" және "Марса" (1:0) футбол матчы кезінде алаңда жанкүйерлердің сөзінен жылап қалған.

Харуш "Бизерте" жанкүйерлерінің оның анасына қарата айтқан ауыр сөздерінен кейін көзінен аққан жасын ірки алмай, ойынды тоқтатып тастаған. Екі команданың ойыншылары да төрешіге қолдау білдіріп, матчты жалғастыруын сұрайды. 

Алайда ол алаңнан шығып кетеді. "Мұндай қорлау сөздерін естіп, жыламау мүмкін емес. Кім болса да анасын қорлағанды жақсы көрмейді. Құдай анамның әруағын пейіштен етсін", - деп келтіреді басылым Харуштың сөзін.



islam.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!