Шведова Shenzhen Open турнирін сәтті бастады

Фотография - Шведова Shenzhen Open турнирін сәтті бастады

Турнирдің алғашқы кездесуінде жерлесіміз ресейлік Вера Душевинаны айқын басымдықпен ұтты.

224 0

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова сенбі күні Shenzhen Open-нің төрт финалының біріне шықты. Бұл турнирдің сыйлық қоры  500 мың долларды құрайды,деп хабарлады sports.kz. 

Іріктеудің бірінші кезеңінде Шведова ресейлік Вера Душевинаны айқын басымдықпен ұтты. кездесудегі есеп   6:0, 6:1 . Финалда қазақстандық спортшы біліктілік кезеңінің алтыншы ракеткасы, Түркия елінің спортшысы Чагла Бюйюкакчаймен кездеседі, ол өз кезегінде қытайлық Цзин Лудан 6:1, 6:1 есебімен басым түскен еді.

Біліктілік кезеңінің финалына шыққан Шведова 1 мың 852 доллар сыйақы мен Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде 12 ұпайға ие болды.

Shenzhen Open - Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Қытайда өтетін турнир.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!