Головкиннің командасы Сондерске жекпе-жек үшін төрт миллион ұсынды

Фотография - Головкиннің командасы Сондерске жекпе-жек үшін төрт миллион ұсынды

Британдық мұнан артық алғысы келеді

393 0

Қазақстандық боксер Генадий головкиннің командасы британдық Билли Джо Сондерске 2016 жылдың сәуір айында жекпе-жек өткізу үшін төрт миллион доллар ұсынды, деп жазады Boxingnews24.com. Алайда, британдық бұдан артық керек етеді:  Билли Джо Сондерс алты миллион доллар үшін GGG-мен кездесуге дайын екендігін мәлімдеді.

"Жекпе-жек сәуір айында болатын шығар. Біз әлі Сондерстен жауап күтіп отырмыз. Жауап алмай тұрып, бұл туралы сөз етудің мәнісі жоқ", - деді қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша "төрт миллион доллар Сондерс сияқты жігіт үшін де тым асқан қаржы". Салынған қаржыны ақтау үшін Головкин британдықпен PPV жүйесі бойынша HBO-да жұдырықтасуы керек, алайда, бұл кездесу үлкен сұраныста болатынына сенім жоқ.

Естеріңізге саласқ, Головкиннің бапкері Абель Санчес  Генаның 2016 жылдың сәуірінде жекпе-жекке шығу ниеті барын жеткізген. Кейін Билли Джо Сондерске ұсыныс жасалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!