Зинедин Зидан "Реалдың" бас бапкері болып тағайындалды

Фотография - Зинедин Зидан "Реалдың" бас бапкері болып тағайындалды

Ол бұл қызметте испаниялық бапкер Рафаэл Бенитесті алмастырды

309 0

Француздық Зинедин Зидан осы маусымның соңына дейін "Реалдың" бас бапкері болып тағайындалды. Ол бұл қызметті испандық маман Рафаэл Бенитесті алмастырды. 

Рафаэл Бенитес "Реал" тізгінін 2015- жылдың маусымында ұстаған болатын. Клуб пен бас бапкер арасында үш жылдық келісім- шарт жасалған. Алайда, карольдік клубтың күткен нәтижесін Бенитес бапкер бере алмады. Маусым басынан бестап сүреңсіз ойын көрсеткен "Реал" өткен турда "Валенсияны" жеңе алмаңан болаты(есеп 2-2). Осы ойыннан кейін команданың президенті Флорентино Перес Бенитесті  қызметінен босатып оның орнына "Реал" мен Франция ұлттық құрамасының аңыз ойыншысы Зинедин Зиданды маусым соңына дейін бас бапкер қызметіне тағайындауды жөн деп тауыпты. Әлі расталмаған ақпараттарға сенсек бас бапкер Зиданның көмекшісі болып тағы сол "Реалдың" аңыздары Роберто Карлос пен Раул келуі мүмкін. 

"Реал" қазір Испания біріншілігінде 37 ұпаймен үшінші орында келеді. Бірінші орындағы "Атлетикодан" төрт ұпай қалып тұрса, екінші орындағы "Барселонадан" екі ұпайлары кем. Оның үстіне "Барселона" мадридтік қос клубтан бір ойын аз ойнаған.

Зинедин Зидан "Реал" қатарында 2001-2006 жылдары өнер көрсетіп Испания біріншілігін, чемпиондар лигасын, УЕФА суперкубогін,Испания суперкубогін ұтқан. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!