Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургке жол тартты

Фотография - Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургке жол тартты

Олар 4-17 қаңтар аралығында өтетін Достастық кубогінде бақ сынайды

139 0

Қазақстан жастар құрамасы 4-17 қаңтар аралығында Санкт-Петербург қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Кейін Достастық Кубогы халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Baq.kz.

Жаңадан тағайындалған жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Серік Әбдуәлиев оқу-жаттығу жиынына мына футболшыларды шақырды: 

Қақпашылар: Михаил Голубничий ("Астана"), Станислав Павлов ("Ақтөбе"), Дмитрий Колбунцов ("Спартак").

Қорғаушылар: Григорий Сартаков ("Ертіс"), Рафкат Аслан ("Тобыл"), Әнуар Агайсин ("Тобыл"), Темірлан Әділханов ("Жетісу"), Павел Халезов ("Ертіс"), Антон Куксин ("Оқжетпес"), Александр Соколенко ("Қызылжар"), Олег Лебедев ("Оқжетпес"), Саят Жұмағали ("Ақтөбе");

Жартылай қорғаушылар: Әлішер Сүлей ("Тараз"), Мирас Төлиев ("Оқжетпес"), Еркебұлан Тұңғышбаев ("Ордабасы"), Ринат Хайруллин ("Астана"), Дидар Жалмұқан ("Ақтөбе"), Владимир Воменко ("Ертіс"), Иван Антипов ("Ақжайық"), Абзал Таубай ("Тараз"), Максим Гладченко ("Бәйтерек");

Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Ақтөбе"), Темірлан Әлмұрзаев ("Тобыл").

Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылар құрамы: аға жаттықтырушы – Серік Әбдуәлиев, жаттықтырушының көмекшілері – Игорь Свечников, Александр Москаленко, қақпашылардың жаттықтырушысы – Тимур Оразов, дәрігер – Сергей Елиссев, массажшы – Александр Шапкин, менеджер – Сергей Андрейко, әкімші – Максим Шауберт.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы Достастық Кубогында "А" тобында Беларусь, Қырғызстан және Молдова құрамаларымен бір топта ойнайды. "В" тобында Ресей, Латвия, Тәжікстан және Эстония құрамалары кездеседі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!