Елордалық спортшылар 9 олимпиадалық лицензияға қол жеткізді

Фотография - Елордалық спортшылар 9 олимпиадалық лицензияға қол жеткізді

Олардың қатарында боксшылар Василия Левит пен Данияр Елеусінов те бар

298 0

Бүгінгі таңда елордалық спортшылар 2016 жылы Рио-де-Женейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 9 лицензияға қол жеткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Атап айтқанда, бокстан Василия Левит пен ұлтық құрамы капитаны Данияр Елеусінов, жеңіл атлетикадан Флорида Менянова және қазіргі заманғы бессайыстан Елена Потапенко. Үш лицезия байдаркамен және каноэмен есу бойынша спортшылар Инна Клинова, Зоя Ананченко және Олег Токарницкидің еншісінде. Досжан Картиков пен Алмат Кебіспаев та Рио-2016 олимпиадасында грек-рим күресінен әлемнің үздік балуандарымен күш сынасатын болды.

Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындары биыл тамыздың 5-мен 21-і аралығында өтеді.

Айта кетейік, төрт жылдық ҚР Спартакиадасында астаналықтар жалпы командалық есепте үшінші орынға табан тіреді, бұл елордалық атлеттер үшін тұрақты көрсеткіш болып табылады. Спортшылар 170 медаль (56 алтын, 53 күміс, 61 қола) алды. Қазіргі кезде Астана қаласының Дене тәрбиесі және спорт басқармасы жанынан 76 спорт түрінен жаттықтыратын 25 кәсіпорын жұмыс істейді. Спортшылардың жалпы саны - 13 753, соңғы бес жылда спортшылар контингенті екі есеге артқан. Лицензиялық жарыстар әлі де жалғасуда, бапкерлер Қазақстанның ұлттық олимпиада құрамасында астаналықтар спортшылар санының арта түсетініне сенімді.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!