Алексей Полторанин Германия жерінде алтын алды

Фотография - Алексей Полторанин Германия жерінде алтын алды

Онымен бірге мәре сызығын швейцариялық Дарио Колонья бірге кескен

332 0

Қазақстандық Алексей Полторанин Германияның Оберстдорф қаласында өтіп жатқан "Тур-де-Ски" жарысының кезекті кезеңінде алтын алды, деп хабарлады ұлттық спорт порталы Alaman.kz.

15 шақырымдық классикалық жарыста Полторанин мәреге бірінші келді. Онымен бірге мәре сызығын швейцариялық Дарио Колонья бірге кескен. Кейін фотофиниш Полтораниннің шаңғысы мәре сызығын бірінші кескенін көрсетті. Қоланы италиялық Франческо Де Фабиани иеленді

Жарыстан кейін қазақстандық шаңғышы "Менің бұл биылғы маусымдағы алғашқы жеңісім. Қарсыластарымды басып озғаныма қуаныштымын" деді.

Полторанин әлем кубогы мен "Тур-де-Ски" жарысында 22 медалін, 9 алтынын алып отыр.

Полторанин кеше, 5 қаңтарда өткен 1,4 шақырымдық классикада қола медаль алған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!