"Астана" мен "Қайрат" үздік жүз клубтың қатарында

Фотография - "Астана" мен "Қайрат" үздік жүз клубтың қатарында

Қазақстандық командалар бұл рейтінгіде "Интер", "Галатасарай", "Лион" сынды командаларды артта қалдырған.

218 0

Халықаралық футбол тарихы мен статистика ұйымы (IFFHS) 2015 жылға арналған әлемдік клубтардың рейтингін жариялады, деп хабарлады Alaman.kz.

Бұл рейтингте екі қазақстандық клуб үздік жүздіктік қатарына енген. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған "Астана" 66-орында болса, Еуропа лигасының топтық кезеңіне бір қадам  жетпей сүрінген "Қайрат" 94-орында тұр.

Ал бұл тізімнің көшін өткен жылы өзі қатысқан турнирлердің бәрінде дерлік топ жарған "Барселона" бастады. Үздік үштікке енгендер қатарында италияндық клубтар "Ювентус" пен  "Наполи" де бар .

 

1. "Барселона" - 379 (ұпай),

2. "Ювентус" - 286,

3. "Наполи" - 268,

4. "Бавария" - 263,

5. ПСЖ - 257,

6. "Реал" - 241,

7. "Индепендьенте" - 240,

8. "Фиорентина" - 236,

9. "Ривер Плейт" - 234,

10. "Вольфсбург" - 232.

...

66. "Астана" - 146,

94. "Қайрат" - 132. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!