Пьер-Эмерик Обамеянг Африканың үздік футболшысы деп танылды

Фотография - Пьер-Эмерик Обамеянг Африканың үздік футболшысы деп танылды

Дауыс беру қортындысында ол "Манчестр сити" ойыншысы Яя Туре мен "Суонси" шабуылшысы Андре Айюдан көп ұпай жинаған.

202 0

2015 жылғы Африка құрлығының үздік футболшысы анықталды. Бұл жолы Германия "Боруссия Дортмунд" командасында өнер көрсететін Габон құрамасының шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг жыл ойыншысы атанды, деп хабарлады Baq.kz.

Финалдық кезеңде үш футболшы жылдың үздігі атануға үмітті болған еді. 26 жастағы Обамеянг "Манчестер Сити" клубының жартылай қорғаушысы Яя Туре мен "Суонси" клубының шабуылшысы Андре Айюдан озып кетті. Габондық футболшы 143 дауыс жинаған. Ал Яя Туреге – 136, Айюға – 112 адам дауыс берген.

"Боруссия" шабуылшысы бірінші рет мұндай атаққа қол жеткізіп отыр. Соңғы үш жылда Кот д'Ивуар елінің футболшысы Яя Туре ешкімге дес бермеген болатын.

Сондай-ақ жылдың үздік әйел футболшысы болып, камерундық Гаэлль Энганаму танылды. Жылдың үздік жас ойыншысы номинациясына нигериялық Виктор Осимхен ие болды. Тағы бір нигериялық Питер Огенекаро жылдың ең талантты ойыншысы атанды. Ал ең үздік бапкер атағы Кот-д’Ивуар құрамасының бас бапкері Эрве Ренарға бұйырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!