Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес "Жыл бапкері" атанды

Фотография - Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес "Жыл бапкері" атанды

Санчестің үшін бұл алғашқы атақ емес

423 0

Бокстан WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына ие қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчесті Yahoo Sports басылымы 2015 жылғы ең үздік бапкер деп таныды, деп жазады Vesti.kz. 

Санчестің үшін бұл атақ алғашқы емес. Осыған дейін жаттықтырушы Boxingjunkie, ESPN Boxeo және Sports Illustrated нұсқасы бойынша да үздік деп танылған болатын.

Айта кетейік, Yahoo Sports екінші жыл қатарынан Геннадий Головкинді "Жыл боксшысы" ретінде таныған. Боксшы 2015 жылы британдық Мартин Мюррей, американдық кіші Вилли Монро және канадалық Давид Лемьемен үш жекпе-жек өткізіп барлығында уақытынан бұрын жеңіске жеткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!