"Шахтерге" жаңа бапкер келді

Фотография - "Шахтерге" жаңа бапкер келді

сурет vesti.kz сайтынан

Жаңа бапкер болып словакиялық маман Йозеф Вукушич тағайындалды

163 0

Қарағандының "Шахтеріне" жаңа бапкер тағайындалды. Клубтың атқарушы директоры Владимир Нидергаус словакиялық маман Йозеф Вукушичті таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz.

"Шахтердің" бас бапкер қызметіне Йозеф Вукушичтің кандидатурасы лайық деп тауып отырмыз. Бұл маман Словакиядан келген. Футболшы ретінде 12 жыл Словакия Премьер-лигасында өнер көрсеткен. Соңғы 15 жылдан бері бапкерлік қызметте. Төрт жыл Словакия жастар құрамасында еңбек еткен. Алты жыл бас бапкер болған. Халықаралық аренада тәжірибесі бар. Екі жыл Ливияда, тағы екі жыл ОАР-да жұмыс істеген. PRO лицензиясын Германияда қорғаған", – деп Нидергаус жаңа бапкерді таныстырып өтті. 


Йозеф Вукушичтің ассистенті болып қазақстандық маман Евгений Свешников тағайындалды. Ал словакиялық Михаил Лацен футболшылардың физикалық даярлығына жауапты. Николай Родионов қақпашыларды жаттықтырады.

Айта кетейік, Йозеф Вукушич "Райнбах" (Германия), "Личартовце", "Ружомберок", "Спартак", "Нитра" (бәрі де - Словакия), "Кейптаун" (ОАР), "Аль-Ахли" (Ливия) клубында еңбек еткен. Соңғы жұмысы Словакияның "Кошице" командасы болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!